Құрметті Теректі ауданы әкімдігінің ресми сайтына келушілер!


Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысы көлемінде танымал, мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын ірі аудан.

Теректі ауданы - соғыс батырлары мен  атақты еңбеккерлердің, мәдениет және қоғамдық қайраткерлердің отаны.

Ауданда ет бағытындағы ірі қара мал - қазақтың ақбас сиыры мен сүт бағытындағы асыл тұқымды  голштинофриз сиырларын, көшім жылқысын өсіреді.

Біздің сайтымызға келушілер ауданымыздың тарихымен танысып, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы білуге, өзін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, алынған шешімдерге ұсыныстарын енгізуге жағдай жасалып отыр.

Біздің сайт ашқандағы мақсатымыз - «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік органдардың нәтижелі қызмет жасауын қамтамасыз ету. Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.

Біз Батыс Қазақстан облысының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым-қатынас жасауға әзірміз!

 

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

Құрметпен,

Теректі ауданының әкімі

Мұқаев Мұрат Рахметұлы

 

 


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.


 

 

Жаңалықтар


«Жас динамошы» атты ашық қала біріншілігі өтті

18.03.2017

14 – 15 наурыз күндері Орал қаласында самбо күресінен 2005-2007ж.т. «Жас динамошы» атты ашық қала біріншілігі өтті. Аталған жарысқа Түркістан қаласы, Ақтөбе облысы, Сырым ауданы, Ақжайық ауданы, Казталовка ауданы, Теректі ауданыдары қатысты. Жалпы жарысқа қатысқан спортшылар саны 220-ға жуық болды. Осы жарысқа Теректі аудандық БЖСМ –де жаттықтырылып жүрген Ақжайық - ЖОББМ оқушылары Назарбаев Жанболат 27кг.салмақта және Мерен Дастан 42кг. салмақта белдесіп екеуіде өз салмақтарында ІІІ орынға ие болды.

Толығырақ...


"Дəстүрлі ислам жəне дəстүрлі емес діни ағымдарға қарсы тұру амалдары"

18.03.2017

16 наурыз күні Ақсуат жалпы орта білім беру мектебінің акт залында, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға орай іс-шаралар жоспары аясында 8-11сынып оқушыларымен ақпараттық түсіндіру тобының кездесуі оздырылды.

Толығырақ...


Хабарландыру

15.03.2017

рисунок


АМАЛ МЕРЕКЕМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

15.03.2017

Теректі ауданының орталығы Федоров ауылында тек батыс өңіріне ғана тән амал мереке - Көрісу күні аталып өтілді.

Алаңға ауылымыздың үлкен-кішісі тайлы-тұяғы қалмай түгел жиналды. «Амандық тілегендердің ырысы мен бір ісі артық, мерейі де үстем болады» дескен қариялар бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре болды. Балалар да ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелердің батасын алуға асықты. Күмбірлеген домбыра үні мен әуелеген әсем әнге елтіген халықтың қуанышында шек болмады.

Толығырақ...


24 ақпан мен 24 наурыз аралығында дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған айлық аясында дене шынықтыру жəне сауықтыру кешенінде медицина саласының қызметкерлері арасында спорттық шара ұйымдастырылды.

15.03.2017

Шараның ашылу салтанатында аудандық орталықтандырылған аурухана басшысы М.Утешев сөз сөйлеп, ойыншыларға сəттілік тіледі. Волейбол мен баскетболдан өткен жарысқа аудандық аурухана мен Подстепный дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері қатысты. Ойынның нәтижесінде І орынға аудандық емхана ие болса, ІІ орынды подстепныйлықтар иемденді. Жеңіске жеткен командалар грамоталармен марапатталды.

Толығырақ...


Трудиться слаженно

15.03.2017

В районном акимате состоялась внеочередная 10 сессия районного маслихата под председательством депутата Мадияра Утешева. В работе сессии приняли участие: аким района Мурат Мукаев, его заместители, руководители районных отделов, члены неправительственных общественных объединений, ветераны труда.

Толығырақ...


Решения согласованы

15.03.2017

Решения согласованы

Общественный совет района под председательством Гусмана Катабаева рассмотрел ряд важных вопросов. В работе заседания приняли участие аким района Мурат Мукаев и его заместитель Виталий Кушнер.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...