Аудан әкімі – Жоламанов Әділ Тауфикұлы, 2018 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді.

Аудан 1933 жылы құрылды, аумағы – 8,0 мың шаршы шақырым.

2019 жылғы 1 желтоқсанына  жағдай бойынша халық саны 38,010 мың адамды құрады.

Ауданда 15 ауылдық округ, 52 ауылдық елді мекен бар.

 

Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2016 ж. 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. қаңтар-желтоқсан

2019 ж. қаңтар- желтоқсан пайызбен

2018 ж. қаңтар-   желтоқсан

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге 2610,2 1406,1 5056,0 3361,1 65,2
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге 13127,5 14683,3 13804,2 17797,2 111,8
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі, млн. теңге 4075,2 5225,6 6724,7 9529,1 131,6
Орташа айлық  еңбекақы, теңге 80742 80543 90105 109646* 121,9*

*- 2019 жылғы қаңтар – қыркүйегіне

 

Теректі ауданының 2019 жылғы қаңтар- желтоқсан айына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  3361,1  млн. теңге құрады, ол нақты көлемінің индексі (бұдан былай (НКИ) бойынша 2018 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда  34,8% аз (НКИ – 65,2 %). Мұнай өнімдерін өндіру көлемінің болмауы өнеркәсіп өнімінің төмендеуіне себеп  болды.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 17797,2 млн. теңге құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан  деңгейінен 11,8%-ға (НКИ) көп.

6394,4 тонна ет өндірілді немесе 2018 жылдың қаңтар- желтоқсан   деңгейіне  105,5 %, сүт – 29999,6 тонна (101,1%), жұмыртқа – 5698,2 мың  дана (100,1%).

2020 жылдың 1 қаңтарына мүйізді  ірі қара мал саны 44,796 мың бас, немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 100,3% құрады, соның ішінде сиыр – 19,491 мың бас (100,1%), қой – 54,866 мың бас (100,9%), ешкі – 8,255 мың бас (87,3%), жылқы – 11,654 мың бас (101,3 %), шошқа – 2,173 мың бас (70,4%), құс – 47,040 мың бас (102,0%).

 

Инвестициялық қызмет

Негізгі капиталға инвестициялар  9529,1 млн. теңге құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейіне 131,6%. Оның ішінде 5647,0 млн.теңге кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебінен инвестициялар, немесе инвестициялардың жалпы  көлемінің 59,3% және өткен жылдың тиісті кезеніне 130,0 %. Бюджет қаражаты- 3813,1 млн.тенге, бұл жалпы көлемінің 40,0 %  және өткен жылдың тиісті кезеніне 146,9 %.

Тұрғын үй салуға инвестиция көлемі  1454,0 млн. теңге құрады, немесе  1,1 есе көбейді,  20332 ш.м. тұрғын үй енгізілді,  бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан  айының деңгейіне  123,3 % құрады.

 

Тауар айналымы

Бөлшек сауда көлемі – 1761,8 млн.теңге, соның ішінде сауда мекемелерімен сатылған тұтыну тауарлары – 31,1 млн.теңгеге сатылды, нарықта сату объектілері бар жеке кәсіпкерлермен сатылғаны – 1730,7 млн.теңгеге, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан  айымен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі 3,4 % көбейді.

 

Кәсіпкерлік

2020 жылғы 1 қаңтар  жағдайы бойынша ауданда 1629 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 2,2%-ға көп. Олардың 1407 жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 86,4 %-ы.

Шағын кәсіпкерлік саласында 5057 адам жұмыс істейді, бұл 2019 жылдың 1 қаңтар деңгейінен 9,4 %-ға көп.

Ауданның шағын бизнес субъектілері  18577,9 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2018 жылғы қаңтар- желтоқсанымен салыстырғанда 5,3 %-ға көп.

2020 жылғы 1  қаңтар жағдайына ауданда 145 қызметкер санымен 6 шағын цех тіркелді және 4 жұмыс істейді. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 1427,9 млн. теңге құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңінен 2,7 есе көп.

 

Қаржы

2020 жылғы 1 қаңтар  мемлекеттік  бюджетке 2470,1 млн. теңге жиналды, соның ішінде жергілікті  бюджетке – 1338,1 млн. теңге. (болжамға 106,5 %, 2018 жылдың қаңтар- желтоқсан деңгейіне –95,3%).

 

Еңбек рыногы

Экономиканың  барлық  салаларында  839 жұмыс орны құрылды (0,6% көп).

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,5% құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 0,4 пайыздық пунктке жоғары.

2020 жылғы 1 қаңтар  жағдайы бойынша жұмыссыздар саны 526 адамды құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 19,8 % көп,

кедейлік деңгейінен төмен тұратындар саны –  5103 адам,немесе тиісті кезең денгейінен 3,2  есе көп  (3502 адамға көп).

Қаржыландырудың барлық көздерінен 617,1 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек – 560,5 млн. теңге.

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 1390 адам жұмысқа орналасты, бұл 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан  деңгейінен 3,3 %-ға  аз.

2019 жылғы қаңтар- қыркүйегіне  айлық  еңбекақы 21,9%-ға көбейіп, 109646   теңге құрады.

 

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулықты сақтау желі құрамына заңды тұлға емес 6 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 32 медициналық пункт кіретін 2 аудандық аурухана кіреді.

Білім беру

Білім беру желісін 38 жалпы білім беретін мектеп (6,274 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын 22 мектеп (4,808 мың оқушы). 296 оқушыға арналған 6 мектеп жанындағы интернат бар.

Колледж (214 оқушы), 15 балабақша, 24 шағын орталық (1632 бала) және 3 қосымша білім беру мекеме (1666 бала) жұмыс істейді.

 

Мәдениет

34 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымы, 5 киноқондырғы жұмыс істейді.

 

Қылмыс

298 қылмыс тіркелді, бұл  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6  % аз.

 

Ауданның әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша 2019 жылдың 12 айына оң динамика байқалады:

-  ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі  11,8 % көбейді;

-  ауданның шағын бизнес субьектілерінің өнімдерін өндіру 5,3 % көбейді;

- негізгі капиталға инвестиция көлемі былтырғы көрсеткішке – 131,6% құрады;

-тұрғын үй енгізу 126,3% құрады;

-  бөлшек сауда көлемінің нақты индексі –3,4% көбейді;

- құрылған жұмыс орындарының саны өткен жылғы көрсеткішке 100,6 % құрады.