Теректі  аудандық мәдени-демалыс  орталығына  қарасты 21 мәдени ошақтары: 1 аудандық мәдениет үйі,  9 ауылдық мәдениет үйі, 11  ауылдық клуб, 1 автоклуб және 5 киноқондырғысы жұмыстануда.

Халықтың мәдени -  рухани сұраныстарын қанағаттандыруда атқарылған мәдени іс-шаралар саны -144, онда қамтылған көрермендер саны – 11 546 адам.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 34 кітапханадан  тұрады: 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 32 ауылдық кітапхана.

Кітап қоры 536 641 дана, мемлекеттік тілде - 190  140 дана, жыл сайын кітапхана оқырмандарының саны артуда. 19 976 оқырман  кітапханаға жазылды, кітап берілім саны 372 840-ге  жетіп отыр.   Кітапханаға келушілер саны  - 147 316 адамды құрап отыр.

Бүгінгі күні аудандық Достық үйінде 6 этномәдени бірлестік бар. Қазіргі таңда ресми түрде 2 бірлестіктер тіркелген: «Сябры» белорус этномәдени орталығы және «Өркендеу»  корей этномәдени орталығы.

2019 ж 9 ай  аралығында  44 шара  өткізілді,  көрермен саны 2353 адам құрады.

Спорт

Теректі ауданы бойынша объектілер саны БЖСМ-1, ДШСК-1, спорт залдар -19.  Барлық спорт залдар типтік. Сонымен қатар, ауданда  тир-6, хоккей  корты-1,  теннис корты-1 бар 2019 жылдың 18 қыркүйегіне  БЖСМ-де 31 жарыс өткізілді,  32 іссапар жарыстары. Жалпы қатысқандар саны 1648 адам.