Smart terekta

Құрметті Теректі ауданы әкімдігінің ресми сайтына келушілер!


Zholamanov 

Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысы көлемінде танымал, мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын ірі аудан.

Теректі ауданы - соғыс батырлары мен  атақты еңбеккерлердің, мәдениет және қоғамдық қайраткерлердің отаны.

Ауданда ет бағытындағы ірі қара мал - қазақтың ақбас сиыры мен сүт бағытындағы асыл тұқымды  голштинофриз сиырларын, көшім жылқысын өсіреді.

Біздің сайтымызға келушілер ауданымыздың тарихымен танысып, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы білуге, өзін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, алынған шешімдерге ұсыныстарын енгізуге жағдай жасалып отыр.

Біздің сайт ашқандағы мақсатымыз - «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік органдардың нәтижелі қызмет жасауын қамтамасыз ету. Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.

Біз Батыс Қазақстан облысының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым-қатынас жасауға әзірміз!

 

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Құрметпен,

Теректі ауданының әкімі

Жоламанов Әділ Тауфикұлы


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.


 Жаңалықтар


Теректі ауданының кәсіпкерлеріне хабарландыру!!!

22.10.2019

рисунок

2019 жылдың 23 қазан күні Федоровка ауылындағы Достық үйінде сағат 10:00 де, Теректі аудандық туарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы (СЭС) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жиында кəсіпкерлерге барлық сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік бар.

ТЕРЕКТІЛІК ҰСТАЗДАР ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

22.10.2019

Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Педагогика саласының үздігі-2019», «Үздік ұстаз-2019» республикалық байқауына 1608 педагог арасынан 282-сі іріктеліп, жеңімпаз атанды.

Толығырақ...


Бірыңғай электрондық терезе - барлық жағдайлар үшін

22.10.2019

Барлық жаңалықтарды оқу ...