ЖОБА

 

Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы

№ 21 «Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде

тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге

тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 21 «Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Теректі ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидаларында:

«Балаларды тасымалдау тәртiбi» деген 2-бөлімде:

2-тармақта:

бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10)-тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.».

2. «Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  А. Тукжановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                         К.Жакупов